10 жастағы баламен жартылай жалаңаш жатқан интернат тәрбиешісі жұмыстан қуылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

10 жастағы баламен жартылай жалаңаш жатқан интернат тәрбиешісі жұмыстан қуылды Видеодан алынған кадр

10 жастағы баламен жартылай жалаңаш күйде жатқан Қаскелеңдегі мектеп-интернатының тәрбиешісі жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

10 жастағы баламен жартылай жалаңаш күйде жатқан Қаскелеңдегі мектеп-интернатының тәрбиешісі жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Баланың әкесі берген арыз бойынша Алматы облысының Білім басқармасы жан-жақты қызметтік тергеу жүргізіп, оның қорытындысы деректерді растаған. 

"Интернат нормалары мен ережелерін дөрекі бұзғаны үшін баланың әкесі көрген тәрбиеші және мектеп директоры жұмыстан босатылды", - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел.

Еске салайық, оқиға биыл 2 наурызда болған еді. "№6 бөлменің есігін ашып қалған едім, қорқып қалған баламды, оның жанындағы төсекте беліне дейін жалаңаш Бақыт деген тәрбиеші әйел мен мектепке еш қатысы жоқ тағы бір әйелді көрдім", - деп жазған болатын баланың әкесі. Кейін тәрбиеші балалар төсегінде жатып массаж қабылдағанын айтып ақталған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети