01 қараша 2015 17:17

100-ден аса адам шамамен бір тәулік бойы Астанадан Сеулге ұша алмай отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Astanaairoport.kz © Astanaairoport.kz

Оңтүстік Кореяның Asiana Airlines компаниясының 100 шақты жолаушысы Астанадан Сеулге ұша алмай отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оңтүстік Кореяның Asiana Airlines компаниясының 100 шақты жолаушысы Астанадан Сеулге ұша алмай отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордалық әуежай өкілдерінің айтуынша, ұшақ 31 қазан күні сағат 23.55-те ұшу керек болған. Кейін рейстің 1 қараша күні сағат 17.00-де орындалатыны хабарланды. Дегенмен бұл уақыт та кейінге шегерілді. Әуежайдың диспетчерлік қызметінің хабарлауынша, лайнер бүгін сағат 20.00-де ұшырылады.

Ұшақ жолаушыларының бірі Владислав Цойдың айтуынша, компания өкілдері техникалық ақауларға байланысты рейстің кешіктіріліп жатқанын хабарлаған. "Техникалық мамандардың бірі шығып, ұшақта ақаудың бар екенін айтты, нақты қандай ақау екенін айтпады. Ол Кореядан басқа лайнердің келетінін, сол арқылы біздің ұшатынымызды мәлімдеді", - деді Цой. Ол көп жолаушының транзит арқылы ұшып келе жатқанын айтты. Оларға әуе компаниясы қонақ үйде түнеп, тамақтануды ұсыныпты. "Дегенмен кейбірі тезірек ұшу керектігін айтып реніш білдіріп жатыр. Ал мен бүгін таңертең үйге барып ұйықтап алдым. Түскі сағат үште тіркелу басталатынын айтты. Мен келген кезде тіркелудің сағат 5.00-ге ауыстырылғанын хабарлады", - деді жолаушы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети