100-ден аса ерікті Алматыда жоғалған студентті іздеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

100-ден аса ерікті Алматыда жоғалған студентті іздеп жатыр Санжарбек Арзиев

100-ден аса ерікті Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың жоғалған студенті Санжарбек Арзиевті іздеп жатыр. Ол 30 сәуірде жоғалған еді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жігіттің достары хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

100-ден аса ерікті Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың жоғалған студенті Санжарбек Арзиевті іздеп жатыр. Ол 30 сәуірде жоғалған еді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жігіттің достары хабарлады.

Алматыда 23 жастағы жігітті іздеу жұмыстары осымен төртінші күн жалғасып жатыр. Оның туыстары мен достарына еріктілер де қосылған. Студенттің ата-анасы Бішкектен Алматыға келіпті. Қазіргі таңда Санжарбек Есентай өзенінің жағасынан іздестіріліп жатыр.

Айта кетейік, еріктілер жоғалған жігіттің суреттерін қала бойынша ілгеннен кейін бірнеше қоңырау соғылған. Адамдар оны түнгі клубтың маңынан 1 мамырда көргенін де айтқан.  

Еске салайық, Алматыда Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың студенті Санжарбек Арзиев 30 сәуірде жоғалып кеткен болатын. 23 жастағы Санжарбектің досының айтуынша, соңғы рет студентті таныстары Манас пен Шевченко көшелерінің қиылысында таңғы сағат 4 шамасында көрген. Дене бітімі орташа келген жігіттің үстінде қара күртке мен қоңыр түсті шалбары болған.

Бұдан кейін жұмбақ жағдайда жоғалған студенттің бақылау камерасына түсіп қалғаны жайлы хабарланды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети