100-ден аса ерікті Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың жоғалған студенті Санжарбек Арзиевті іздеп жатыр. Ол 30 сәуірде жоғалған еді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жігіттің достары хабарлады.
100-ден аса ерікті Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың жоғалған студенті Санжарбек Арзиевті іздеп жатыр. Ол 30 сәуірде жоғалған еді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жігіттің достары хабарлады.
Алматыда 23 жастағы жігітті іздеу жұмыстары осымен төртінші күн жалғасып жатыр. Оның туыстары мен достарына еріктілер де қосылған. Студенттің ата-анасы Бішкектен Алматыға келіпті. Қазіргі таңда Санжарбек Есентай өзенінің жағасынан іздестіріліп жатыр.
Айта кетейік, еріктілер жоғалған жігіттің суреттерін қала бойынша ілгеннен кейін бірнеше қоңырау соғылған. Адамдар оны түнгі клубтың маңынан 1 мамырда көргенін де айтқан.
Еске салайық, Алматыда Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың студенті Санжарбек Арзиев 30 сәуірде жоғалып кеткен болатын. 23 жастағы Санжарбектің досының айтуынша, соңғы рет студентті таныстары Манас пен Шевченко көшелерінің қиылысында таңғы сағат 4 шамасында көрген. Дене бітімі орташа келген жігіттің үстінде қара күртке мен қоңыр түсті шалбары болған.
Бұдан кейін жұмбақ жағдайда жоғалған студенттің бақылау камерасына түсіп қалғаны жайлы хабарланды.