"100 миллионға алдандық". Алматылықтар жөндеу жұмысын істеймін деген алаяқтың құрбаны болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"100 миллионға алдандық". Алматылықтар жөндеу жұмысын істеймін деген алаяқтың құрбаны болды © almaty.tv

Алматылық полицейлер пәтерлерді жөндеу кезіндегі жаппай алаяқтық туралы істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Almaty.tv.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық полицейлер пәтерлерді жөндеу кезіндегі жаппай алаяқтық туралы істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Полиция департаментінің мәліметінше, Тәжікстан азаматы тұрғын үйлердің бірінің тұрғындарына жөндеу жұмысын істеп беретінін айтып ақшасын алған. 

"Бастапқыда екі-үш пәтерді жөндеді. Осында алып келіп, пәтерлерді көрсетеді. Бір қызығы, әлі жөндеу жүріп жатқан пәтерлерді де көрсетеді. Басқа жұмысшылары болды, біз соған сеніп қалдық. Бәріміз жұмыс ақысын 100 пайыз бердік. Осылайша 100 миллионға алдандық", - дейді жәбірленуші Шынар Абдрахманова.   

Тұрғындардың сөзінше, алаяқ сатып алған тауарларды өзі қолданған. Жәбірленушілер жөндеу жұмысын істеуі керек болған адам тек алаяқтықпен емес, құрылыс заттарын ұрлаумен айналысқанын айтады.  

"118 плитка болған. Бүгін санасам шамамен жеті плитка жетпей тұр. Мысалы мына бір плитка 25 мың тұрады", - дейді Магомед Арсимерзаев. 

Салдарынан жәбірленушілер қарызға батқан. Олар туыстарының үйінде не пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Әлі күнге дейін 30 отбасы үйіне кіре алмай отыр. Бәрінде жөндеу жұмысы әлі басталмаған.

Ал мердігер айыптауларды теріске шығарған. Оның айтуынша, жәбірленушілерге бастаған жөндеу жұмысын аяқтайтынын сендіріп қолхат жазып берген. 

"Қазір көбіне қаржылық проблеманы шешіп жатырмын. Бәрі жөнделеді. Шамамен бір-екі айда", - дейді мердігер Дмитрий Павлов. 

Не дегенмен де тұрғындар полицияға жүгінген. Алаяқтық дерегі бойынша соталды тергеу басталды. 

"Бұл дерек соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелді. Бүгінде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети