Шымкентте Алматы облысының 11 жастағы тұрғынына азғындық жасамақ болды деген күдікпен 38 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, қыркүйектің соңында Қаратал аудандық бөлімшесіне Үштөбе аулының тұрғыны шағымданған. Арыз бойынша оның 11 жастағы қызына белгісіз ер адам Whatsapp мессенджері арқылы түрлі азғындық сипаттағы хабарламалар жіберіп отырған.
Бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің аты-жөні анықталды. Ол Талдықорған қаласының 1979 жылы туған тұрғыны болып шықты. Ұсталған 38 жастағы ер адам бұрын істі болмаған.
"Жедел іздеу шаралары барысында күдіктінің шаруаларымен Оңтүстік-Қазақстан облысына кетіп, ол жақтан туыстарын көріп қайту үшін шекарадан өтпек ниетте екені анықталды. Осыған байланысты іссапарға аттанған полицейлер күдіктіні Шымкент қаласында ұстады", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.
Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Іске қатысты қажетті сараптамалар тағайындалды.