25 шілде 2018 | 12:52

11-қабаттан құлап кетті: Павлодарда әйелдің өліміне қатысты іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Павлодарда 50 жастағы әйел 11-қабаттан құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алған жарақатынан ол оқиға орнында қайтыс болды. 


Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда 50 жастағы әйел 11-қабаттан құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алған жарақатынан ол оқиға орнында қайтыс болды. 

Павлодарда әйелдің мәйітін 16-үйдің ауласынан тапқан. Өңірлік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 24 шілдеде кешкі уақытта болған. Әйел адам балконнан құлап кеткен. 

"24 шілдеде шамамен сағат 17:00-де Тәуелсіздік көшесінің бойында 11-қабаттан құлаған әйелдің мәйіті табылды. Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша жүріп жатыр", - деді Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сонымен қатар, полициядағылар, әйел адамның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілгенін айтты. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әйел адамның жасы 50-де болған. Ол жедел жәрдем келгенге дейін қайтысм болған. Куәгерлердің айтуынша, мәйіттің жанында күнге қарсы көзілдірік жатқан. 

Айта кетейік, маусымда Павлодар тұрғына 31 жастағы мер адам 14-қабаттан құлап кеткен еді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети