13 жастағы қыз өлі табылған жердің маңындағы құдыққа тағы бір астаналық құлап кетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Астана тұрғыны таяуда 13 жастағы мектеп оқушысы өлі табылған құдықтың маңында ашық жатқан тағы бір құдыққа құлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астана тұрғыны таяуда 13 жастағы мектеп оқушысы өлі табылған құдықтың маңында ашық жатқан тағы бір құдыққа құлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жанар Қожабергенова 25 қарашада Айнакөл мен Қордай көшелерінің қиылысында орналасқан құдыққа құлап кеткен. Бірақ, абырой болғанда, ол бар салмағымен құлап кетпеген, құдықтың шетінен ұстап қалған екен. Осылайша, ол өтіп бара жатқан адамдар көрінбегенше сол күйі тұрған.


© Жанар Қожабергенова

"Кішкентай үш жасар баламен әпкеме қонаққа бара жаттым. Сол күні боран болған еді, баланы жолдың шетімен алып келе жаттым. Алдымда келе жатты, капюшонынан ұстап жүрдім. Бір сәтте құлап бара жатқанымды сездім. Бастапқыда не болып жатқанын түсінбедім. Асфальт опырылып жатыр ма деп ойладым. Бала үшін уайымдап, оны ары қарай итердім. Ол қорқып, жылай бастады. Содан қатты айғайлай бастадым, көмек сұрадым. Барлығы көліктерімен өтіп бара жатты, кейбіреулер тіпті телефонға түсіріп жатты", - дейді астаналық Жанар.

Оның айтуынша, жүргізушілердің біреуі де оған көмектеспеген. 

"Алыстан бір әйел мен баланың мен жаққа қарай жүгіріп келе жатқанын көрдім. Сөйтіп ол маған қарай жақындап, мені тарта бастады. Сол маңда 14-15 жастағы қыз жүрді. Екеуі мені алып шықты. Сол құдықты суретке түсіріп, 109-ға жібердім", - дейді Қожабергенова.

Үйге келген соң ол аяғының жарақаттанғанын көріп, бірден полиция мен жедел жәрдемге хабарласқан.

Айта кетейік, 13 жастағы қыз құлап мерт болған құдық та сол аумақта - Қошқарбаев пен  Өзбек Әлі Жәнібек көшелерінің қиылысында орналасқан.

"Балалар үшін қорқасың". 13 жастағы қыз өлі табылған құдық қайда?

Еске салайық, мұның алдында Астанада жоғалып кеткен 13 жастағы қыздың құдықтан табылғаны хабарланған болатын. Қыздың қайтыс болғаны туралы ақпаратты ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі өкілдері растаған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer