13 жастағы қызды анасы пышақтаған: Қостанай полициясы тергеу жүргізіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

13 жастағы қызды анасы пышақтаған: Қостанай полициясы тергеу жүргізіп жатыр Иллюстрациялық сурет © Kherson.life

13 жастағы қыздың пышақ жарақатымен ауруханаға түсуіне қатысты полиция тергеу жұмыстарын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспаөсз қызметіне сілтеме жасап. 


13 жастағы қыздың пышақ жарақатымен ауруханаға түсуіне қатысты полиция тергеу жұмыстарын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспаөсз қызметіне сілтеме жасап. 

Мұның алдында оқиғаның 2018 жылдың 7 қаңтарында болғаны хабарланған. Полицияның мәліметі бойынша, оқиға сағат 16:30 шамасында Қостанайдың Узкоколейная көшесіндегі үйлердің бірінде болған. 

"32 жастағы әйел мас күйінде 13 жастағы қызына ұрсып, оны пышақпен ұрған. Қыз түрлі дене жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді", - дейді ведомство өкілдері. 

Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланып отыр. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети