Алматы қаласы комендатурасының баспасөз қызметі өкілі Бостандық және Түрксіб аудандары лаңкестерден азат етілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласы комендатурасының баспасөз қызметі өкілі Бостандық және Түрксіб аудандары лаңкестерден азат етілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы комендатурасының мәліметінше, 13 қаңтарда Бостандық және Түрксіб аудандары лаңкестерден азат етілген. Заңсыз шеруге қатысқан 1925 адам, тонауға және басқа да қылмыстарға қатысушылар ұсталған.
Ұсталғандардан 38 атыс қаруы мен 1486 оқ-дәрі тәркіленген. Кейінгі тәулікте "102" пультіне барлығы 961 хабарлама келіп түскен.
Комендатураның Call-орталығына азаматтардан жедел қызмет көрсетуді сұраған 215 хабарлама келіп түскен.
Еске салайық, Жаңаөзенде тұрғындар жаппай митингке шықты. Олар газ қымбаттағанына наразылық білдірді. 3 қаңтарда өзге де аймақтарда митинг басталды. Наразылыққа мұнай өндіруші кәсіпорындардың вахта қызметкерлері қосылды. 4 қаңтарда елдің бірнеше қаласында жаппай тәртіпсіздіктер мен бүлік басталды.
Бұған дейін 4 қаңтарда наразылық білдірушілер жиналған "Алматы Арена" маңындағы жағдайды байқап, кейін қала орталығына бет алғаны хабарланды.
Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді. Осы оқиғалардан соң Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберді.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының артуына байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, сондай-ақ "ҚазМұнайГаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.
11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!