13 ақпан 2024 | 12:10

13 миллиард теңгеден асады: Антикор қаржы жымқыру деректері туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім саласындағы ірі ақша жымқыру деректері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім саласындағы ірі ақша жымқыру деректері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Антикор мәліметінше, жыл басынан бері білім беру саласындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет барлығы 192 қылмыстық істі тіркеген. Олар бойынша залал 13 миллиард теңгеден асты. Ең ірі жымқыру дерегі Түркістан, Жетісу, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласында анықталған.

"Түркістан облысының екі ауданында ғана Шардара және Сарыағаш білім бөлімдерінің қызметкерлері үш жыл ішінде 3,7 миллиард теңге жымқырған. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Жетісу облысында Талдықорған қаласының білім бөлімінің бас бухгалтері бастаған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды.

"Қаражат білім беру саласының қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалардың шоттарына ақша аудару арқылы жымқырылған.

Сонымен қатар, құрамында 3 білім бөлімінің қызметкері мен 10 мектеп бухгалтері бар қылмыстық топтың мүшелері өздеріне және басқа мектеп қызметкерлеріне белгіленген жалақыдан жоғары жалақы төлеген. Оларға жалпы сомасы 4,2 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген.

Залалды өтеу мақсатында жалпы сомасы 3 миллиард теңгеге қатысушылардың мүлкі тәркіленді".

Қылмыстық іс қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру және сотта айыптауды одан әрі қолдау үшін қадағалау органына берілгені айтылды. Бұл ретте, жымқыру фактілеріне бақылаушы органдардың лауазымды адамдарының қамқорлығы болған.

Былтыр қарашада Талдықорған қалалық сотының үкімімен білім басқармасының бас маманы Д. Төлебай сотталған.

"Ол Талдықорған қаласындағы орта мектептердің тарифтік тізімдерін жалақының жоғары қажеттілігімен кедергісіз қарағаны және келісіп, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Тергеу барысында Д. Төлебай жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәні толық мойындап, іс жүргізу келісімін жасасу туралы өтініш білдірді".

Сот үкімі бойынша, оған мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Сондай-ақ, осы сот үкімі бойынша, 2023 жылғы шілдеде Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы Б. Ботабеков кінәлі деп танылған.

"Ол Талдықорған қаласындағы мектептердің бірінде аудиторлық тексеру барысында анықталған жымқыру фактілерін жасырғаны үшін 500 мың теңге көлемінде пара алды деп айыпталды. Сот шешімімен Б. Ботабеков параның 15 еселенген сомасы - 7,5 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салуға сотталды".

Сонымен қатар, Талдықорған білім бөлімінің басшысы әшкереленді.

"Ол анықталған жымқыру деректерін жасырғаны үшін білім бөлімінің бас бухгалтерінен 280 миллион теңге көлемінде пара алу бойынша айыпты. Қазіргі уақытта айыпталушыға қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр".

Ақтөбе облысында Ақтөбе орта мектебінің бас бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.

"Тергеу мәліметтері бойынша, 8 жыл бойы ол өзінің банктік шотына жалақы түрінде ақша аударған. Қылмыстық іс бойынша жалпы залал 413 миллион теңгеден асты.

Тек бір жылдың ішінде ол өзіне 200 миллион теңгеден аса қаражат аударған, бұл бүкіл мектептің жылдық еңбекақы қорының 30 пайызы болады".

Сонымен қатар, аталған мектептің директорына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді, ол өзінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, бас бухгалтерге өзінің ЭЦҚ-кілтін тапсырды, соның салдарынан жоғарыда аталған жымқыру деректері жасалған.

Бұдан басқа, ол нақты жұмыс істемейтін педагогке, сондай-ақ мектеп қызметкерлеріне белгіленген жалақыдан артық жалақы аудару арқылы 6 миллион теңгеден астам сомаға қаражат жымқыру бойынша күдікті.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының білім беру саласының қызметкерлері де сотталған.

"7 ақпанында Жаңақорған аудандық соты "Жаңақорған ауданының білім бөлімі" ММ басшысы Б. Ибрагимовқа, бас бухгалтері К. Аязбаеваға және 24 мектептің бухгалтерлеріне қатысты үкім шығарды. Олар жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды".

Сот үкімі бойынша, мекеменің басшысына және бас бухгалтеріне 8 жыл бас бостандығынан айыру, мектеп бухгалтерлерінің біріне – асырауында жас баласының болуына байланысты 5 жыл мерзімге жазасын кейінге қалдыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар сотталғандар мемлекеттік қызметте және өзге де ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

"Бюджет қаражатын жоспарлау және игеру процестеріндегі жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін Павлодар, Ақмола және Түркістан облыстарында білім беру саласының бюджетін цифрландыру бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Ол білім беру саласында миллиардтаған теңгені жымқыру себептерін жою мақсатында бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру және ұсыну процесін автоматтандыруды көздейді".

Ақпараттық жүйені тестілеу нәтижесі оң болған жағдайда, жоба бүкіл ел бойынша іске қосылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети