Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

150 келі теңіз шаяны Қазақстаннан Ресейге заңсыз әкетілмек болды

26 Желтоқсан 2014, 12:02
0
Шаяндар. ©barnaul.fishretail.ru
Шаяндар. ©barnaul.fishretail.ru

Қазақстан шекарашылары Ресейге заңсыз кетіп бара жатқан 150 келіге жуық теңіз шаянын тәркіледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шекара қызметінің "Батыс" өңірлік басқармасына қарасты Орал шекара отрядының "Ақсай" (автомобильдік) бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары салмағы 150 келі болатын теңіз шаянын заңсыз жолмен әкетіп бара жатқан Ресей Федерациясының азаматын ұстады", - делінген хабарламада. 

Қазақстаннан Ресейге жол тартқан азамат "ВАЗ" автокөлігін мінген. Бес қапқа салынған теңіз шаяндары оның көлігінің жүксалғышынан табылды. 

Бұл дерек құқық қорғау органдарына хабарланды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Еске сала кетейік, Қазақстан - Ресей шекарасында бұған дейін 200 келі өзен шаяны тәркіленген еді. Ресей Федерациясының бес азаматы еліміздің табиғатында сирек кездесетін және жоғалудың алдында тұрған жәндіктерді "УАЗ-3962" автокөлігімен Қазақстаннан Ресейге алып өтпек болды

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай