16 жастағы спортшы жарыстан Астанаға келіп, із-түссіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елордалық ІІД полицейлердің Малика Досымжанованы іздеу шараларын бастап кеткенін мәлімдеді.
16 жастағы спортшы жарыстан Астанаға келіп, із-түссіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елордалық ІІД полицейлердің Малика Досымжанованы іздеу шараларын бастап кеткенін мәлімдеді.
Әлеуметтік желіде, қыздың туыстары оның жоғалып кеткені туралы мәліметтер таратып жатыр. Хабарландыруда Маликаны соңғы рет 27 қарашада темір жол вокзалында көргені жазылған. Ол Арқалық-Астана бағытында жүретін пойыздан түсіп, автобус аяладмасына қарай бет алған, алайда үйіне оралмаған.
Астана ІІД қыздың қайда екенін анықтау үшін департаменттің жеке құрамы жұмылдырылған. Полицейлер Малика Досымжанованың қайда екенін анықтау үшін кешенді жедел-іздестіру щараларын жүргізіп жатыр.
"Қазіргі уақытта туыстарының барлығы, оның араласатын таныстары мен достары да тексеріліп жатыр. Осы жылдың 28 қарашасында Астана тұрғыны полицияға келіп, 27 қарашада 09.00-де оның кімелет жасына толмаған қызының дзюдодан өткен жарыста Арқалықтан Астанаға пойызбен келіп, үйге оралмағанын айтып, арыз жазған", - деді елордалық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер.
Полиция егер кімде-кім қандайда бір мәлімет білетін болса мына номерлерге хабарласуын өтінеді: 102 немесе 8 (7172) 71-60-22, 8 747-575-96-45, 8 778-580-77-17.