16 жастағы спортшы қызбен бірге қашқан жігіт қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

16 жастағы спортшы қызбен бірге қашқан жігіт қайтыс болды видеодан үзінді

16 жастағы спортшы қыз Анастасия Смирновамен бірге қашқан 17 жастағы Назар есімді жігіт қайтыс болды. Бұл туралы Facebook желісінде ерікті Ислам Угушев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

16 жастағы спортшы қыз Анастасия Смирновамен бірге қашқан 17 жастағы Назар есімді жігіт қайтыс болды. Бұл туралы Facebook желісінде ерікті Ислам Угушев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл мәліметті Республикалық жедел құтқару жасағының өкілдері растады. 

24 шілдеде 21.36-да РЖҚЖ тобы оқиға орнына келіп жетті. "Құтқару қызметінің құтқарушылары 16 жастағы қызды дәрігерлерге тапсырғаннан кейін РЖҚЖ тобы мен Құтқару қызметімен бірге 1999 жылғы азаматты іздеуге кірісті. Түнгі уақытта іздестіру жұмыстары тоқтатылды. Таңғы 05:30-да құрамында бес адамы бар құтқарушылар тобы іздеу жұмыстарына кірісті. Таңғы 08:24-те жігіттің мүрдесі табылды", - деді РЖҚЖ өкілдері.

Facebook желісінде ерікті Ислам Угушев өз парақшасында 17 жастағы жігіттің таудан өздігінен түспекші болып қайтыс болғанын мәлімдеді. 

Еске сала кетейік, Анастасия Смирнова жексенбіде, 23 шілдеде Қырғызстанда семсерлесуден жарыстан келіп, досымен кездесуге шығып, үйіне оралмаған болатын. Туыстарының айтуынша, соңғы қоңырау "Сайран" автовокзалының аумағынан шалынған. 

Осыған дейін Алматыда жоғалып кеткен 16 жастағы семсерлесуден спорт шеберіне үміткер қыздың табылғаны жайлы хабарланған еді. Бұл туралы ерікті Facebook желісінде жазған болатын. Жазбаға қарағанда Анастасия 24 шілдеде 17 жастағы Назар есімді жігітпен кетіп қалған. Жедел түрде іздестіру шаралары жүргізілді. Сондай-ақ, Назардың қиын жасөспірімдердің есебінде тұрғаны анықталды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети