17 тонна күдікті құрманы тиеген жүк көлігі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

17 тонна күдікті құрманы тиеген жүк көлігі табылды © luchiye.com

Қарағанды полициясы Комсток сымырын жұқтырды делінген құрманы тиеген жүк көлігін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды полициясы Комсток сымырын жұқтырды делінген құрманы тиеген жүк көлігін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде 7 қарашада "Сыпытай батыр" фитосанитарлық бақылау бекеті арқылы MAN маркалы жүк көлігі Қарағанды бағытына қарай өтіп кетті деген ақпарат пайда болды. Жүк көлігіне карантин жарияланған, Комсток сымырын жұқтырған 17 тонна құрма тиелген. Бұл сымырлар сопақша келген ақ түсті жәндіктер. Олар тез таралып, жолындағы бұталарды, ағаштарды, көкөністер мен бақша дақылдарына зиянын келтіреді.  

Полиция күдікті құрманы тиеген жүк көлігін қаланың базарларының бірінде ұстады. "Қазіргі таңда 17 тонна құрманың түгелі тиісті тексеруден өткізу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдеріне тапсырылды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети