19 жастағы алматылық жүргізуші 7 миллион теңге айыппұл жинаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

19 жастағы алматылық жүргізуші 7 миллион теңге айыппұл жинаған видео кадры

Алматыда 7 миллион теңге айыппұлы бар көлік жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 7 миллион теңге айыппұлы бар көлік жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматының 19 жастағы тұрғыны жол ережесін өрескел бұзған болып шықты. Оны полицейлер қаланың Медеу ауданындағы Достық даңғылы бойында ұстады.

"Бұл жолы да "Қорғау – қауіпті жүргізуші" автоматтандырылған жүйесі тиімді пайдаланылды. Аз уақыт ішінде көлік жүргізушісі 195 рет жол ережесін бұзған. Айыппұлдың жалпы сомасы шамамен 7 миллион теңге болған. Оның үстіне кей жағдайда, өкінішке қарай, жүргізуші жалған нөмірді пайдаланып, көліктің жылдамдығын 200 шақырымға дейін үдеткен. Көліктің өзі көрші Қырғызстанда тіркелген. Сот қаулысымен көлік жүргізушісі әкімшілік қамаққа алынды, оның көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізуші барлық айыппұлдарын толығымен төлеуге міндетті болады", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Аманбек.

Алматы полициясы жазаның бұлтартпастығы қағидасын тағы да еске салып, жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети