19 көлік жол апатына ұшыраған: полиция зардап шеккендердің санын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

19 көлік жол апатына ұшыраған: полиция зардап шеккендердің санын жариялады видео кадры

Қарағанды облысындағы тасжолда 19 көлік соқтығысқан. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысындағы тасжолда 19 көлік соқтығысқан. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, сағат 13.00 шамасында Қарағанды облысы Ақсу-Аюлы ауылы Екатеринбург-Алматы тасжолының 20-шақырымында тасжолды қайта жаңарту учаскесінде алдын ала мәлімет бойынша 19 жеңіл көлік жол апатына түскен.

"Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары, психологтар, ҚР ТЖМ АМО және жедел жәрдем дәрігерлері дереу барды. Оқиға орнында ТЖМ вахтасы орналасқан, онда жол апатына түскендер жылынады. Жедел жәрдем бригадасы Ақсу-Аюлы ауылындағы аудандық ауруханаға 6 адамды жеткізеді", - деп жазылған хабарламада.

Қазір кептеліс жоқ, қозғалыс арнайы қарсы жолақ бойымен жүзеге асырылып жатқаны белгілі болды.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды ​​облысында жаппай жол апаты болғаны хабарланды. Тасжолда бір мезетте 19 көлік соқтығысқан.

ҚазАвтоЖол мәліметінше, жол апаты жылдамдық пен қауіпсіз қашықтықты сақтамағаннан болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети