20 жыл бойы ер адамның құжатымен жүрген қыз анықталды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

20 жыл бойы ер адамның құжатымен жүрген қыз анықталды "Народное слово" басылымы

Өзбекстанда Қашқадария облысының тұрғынына әйел есімімен жаңа куәлік берілді, - деп хабарлайды "Народное слово" басылымы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстанда Қашқадария облысының тұрғынына әйел есімімен жаңа куәлік берілді, - деп хабарлайды "Народное слово" басылымы. 

Деханабад ауданының АХАЖ мобильді қабылдау бөлімінің қызметкерлері Деобқан ауылының тұрғынына жаңа туу туралы куәлік берген. Қыз 20 жыл бойы ер адамның атындағы құжаттармен өмір сүрген.

Қыз дүниеге келген кезде перзентханада "Шафоатов Олим" деген қате анықтама берілген, соған сәйкес ата-анасы оның туу туралы куәлігін алған. Бұл отбасы тұратын таулы ауыл ең жақын АХАЖ бөлімі орналасқан аудан орталығынан 180 шақырым қашықта болған соң, қыз құжаттарын өзгертпей өмір сүре берген.

"Кеш болса да, қателік түзелді. Қабылдағаннан кейін қызға "Шафоатова Мукаддам Равшанқызы" деген жеке куәлік бердік", - дейді Дехканабад ауданының АХАЖ бөлімінің бастығы Озода Ашурова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети