Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері 2 000 теңгелік купюраны қолдан жасап келген цехті анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері 2 000 теңгелік купюраны қолдан жасап келген цехті анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы "2017 жылдың 11 айындағы Экономикалық тергеу қызметінің атқарған жұмысының қорытындысы" туралы баспасөз-конференциясында белгілі болды.
Цех "Әйгерім-2" ықшамауданында орналасқан. Онда ноутбуктер, принтерлер, фольгалар және жалған 2000 теңгелік купюралардың үлгілері табылды.
"Тексеріс барысында екі ер адамның жалған купюраларды жасаумен айналысқаны анықталды. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабының 2-бөлігі 1-тармағы бойынша ("Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу") сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. А4 форматындағы 58 парақ табылды", - деді Алматы қалалық МКД аға тергеушісі Мадияр Палманов.
© Алматы қалалық МКД
Сондай-ақ, Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері Алатау аудандық соттың жалған ақша жасаушыларға қатысты үкім шығарғанын айтып өтті.
"Л. есімді ер адам 5 жыл 7 ай, ал Х. есімді ер адам шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Алматы қалалық МКД өкілдері қала тұрғындарынан азаматтық белсенділік көрсетіп, кез келген заңсыз әрекеттерге бей-жай қарамай, заңсыз кәсіпкерлікке қатысты барлық деректі хабарлап отыруды сұрайды", - деді ведомстводағылар.