23 жастағы атыраулық Сириядағы қарулы қақтығысқа қатыспақшы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

23 жастағы атыраулық Сириядағы қарулы қақтығысқа қатыспақшы болды © Dw.de

23 жастағы атыраулық Сириядағы қарулы қақтығысқа қатыспақшы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


23 жастағы атыраулық Сириядағы қарулы қақтығысқа қатыспақшы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығы тұрғынының еш жерде жұмыс істемейтіні анықталды, үйленген. Сонымен қатар, оның бұған дейін де сотталғаны белгілі болды.

"Атырау қаласының №2 соты облыс орталығының тұрғынына қатысты екі ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына сот санкциясын берді. Ол "Сириядағы қарулы қақтығысқа қатысу үшін бармақшы болды" деген күдікпен қамауға алынған", - деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, тергеу органдары оған қатысты ҚР ҚК 24-бабы 1-бөлігі және 172-бабы бойынша ("Шетелдік қарулы қақтығысқа қатысуға дайындалу") қылмыстық іс қозғады.

 
Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети