27 бас жылқы: Қарағанды ​​облысында WhatsApp арқылы мал ұрлығы әшкере болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

27 бас жылқы: Қарағанды ​​облысында WhatsApp арқылы мал ұрлығы әшкере болды видео кадры

Теміртауда WhatsApp-топтар көмегімен мал ұрлығы әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда WhatsApp-топтар көмегімен мал ұрлығы әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Теміртаудағы блокбекетте патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 45 жылқы тиелген жүк көлігін тоқтатқан. Тексеру барысында олардың бір бөлігі ұрланғаны анықталған.

Көлік тізгінінде Түркістан облысының 48 жастағы тұрғыны болған. Ол жылқыларды Степногорск тұрғынынан 13,5 миллион теңгеге сатып алғанын айтып, сатып алу туралы құжат көрсеткен. Алайда полицейлер оның әрекеті мен құжатқа күмән келтірген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NEWS Karaganda-Ulytau (@newskor.krg)

Малдың қайдан екенін анықтау үшін полицейлер жылқыларды видеоға түсіріп, материалдарды түрлі өңірлердегі шаруа қожалықтарының чаттарына жіберген. Осы арқылы қылмыстың беті ашылған.

Көп ұзамай Ақмола облысындағы бір фермер суреттерден ұрланған 27 бас жылқысын таныған.

"Астана криминалдық полиция қызметкерлерінен Қарағанды облысына қарай бет алған "КамАЗ" жүк көлігі мен ондағы жылқылар туралы жедел ақпарат түсті. Малдың ұрланған-ұрланбағанын тексеру қажет болды. Тексеру нәтижесінде Ақмола облысының тұрғынына тиесілі малдың ұрланғаны анықталды. Ол өз жылқыларын таныды", — деді Қарағанды облысы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мейіржан Сләмбеков.

Қазіргі уақытта мал ұрлығы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети