31 желтоқсанда Алматы облысында полицей өлтірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

31 желтоқсанда Алматы облысында полицей өлтірілді Қайтыс болған полицей Айтжан Арынов. © Facebook.com

Жаңа жыл түні Алматы облысында полицей өлтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа жыл түні Алматы облысында полицей өлтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Оқиға 2015 жылдың 31 желтоқсанында Жамбыл ауданындағы Қасымбек ауылында болған. "ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 29 жастағы полицейінің денесі пышақ жарақытымен табылған", - деп хабарлады тәртіп сақшылары. Сонымен қатар, оқиға орнын тексеру кезінде кісі өлтіру құралы болды делінген пышақ та табылды. 

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Алматы облысының полицейлері 24 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған. Оған ауыр қылмыс жасады деген күдік келіп отыр. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айта кетейік, бұл бапқа сәйкес, күдікті сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети