ПОДЕЛИТЬСЯ
14 наурыз 2021 | 09:31
"4 жарылыс болды" - куәгерлер Алматы маңындағы АН-26 апаты туралы
Куәгерлер Алматыдағы АН-26 ұшағы қалай апатқа ұшырағанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Куәгерлер Алматыдағы АН-26 ұшағы қалай апатқа ұшырағанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Михаил Левашов ұшақ құлаған сәтте үйіне қарай төтенше жағдай болған жердің маңынан өтіп бара жатқан.
"Сағат 16-да достарыммен үйге қарай шықтық. 17.19-да олар ұшақтың біртүрлі қонып жатқанын көріп тұрғанын айтты: айналып жатқан сияқты, бірақ әуеде алға ұшып барады. Бірнеше секундтан кейін, сағат 17.20-да жарылыс болды. Ұшақ құлағанын түсіндік", - деп бөлісті Михаил Левашов.
Ұшу-қону жолағына қарай жүріп, Михаил видео түсіре бастаған. Бірнеше минуттан кейін оқиға болған жерге өртсөндірушілер жетті.
"Ұшақ құлағаннан кейін тағы үш кішігірім жарылыс болды. Бірақ ең біріншісі жойқын жарылыс болды", - дейді видео авторы.
Мадияр Молдахмет те Алматы әуежайы маңында болған оқиғаны видеоға түсіріп алған.
"Мен Қызылту ауылына қарай кетіп бара жатқанмын. Ұшақтың қалай құлағанын көрмедім, бірақ Алматы әуежайының ұшу-қону жолағынан шығып жатқан қою түтін мен өртті байқаған кезде тоқтадық. Үрейлендік, өйткені біз бір нәрсе болғанын түсіндік", - дейді Мадияр.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда ұшақ құлағаны хабарланған болатын.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұшақ бортында болған төрт адам қаза тапқанын, екеуі зардап шеккенін мәлімдеді. Зардап шеккен екі адам да жансақтау бөлімінде. Қазір Ұлттық қауіпсіздік қызметі апаттың себебін анықтап жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Ол бұндай оқыс оқиғалар қайталанбауы керек екенін жазды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также