13 наурыз 2021 18:58

Алматыдағы ұшақ апаты: зардап шеккен екі адам жансақтау бөлімінде

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Алматыдағы ұшақ апаты кезінде зардап шеккен екі адамның жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы ұшақ апаты кезінде зардап шеккен екі адамның жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

№4 Қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі әскери ұшақ апатынан екі адам зардап шеккенін айтты. Екеуі де жансақтау бөлімінде.

Оқиға орнында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының жедел жәрдемнің 10 реанимациялық бригадасы жұмыс істеп жатыр. Төрт адам қайтыс болды, екі адам зардап шеккен: 1987 жылы туған адам сол жақ санының ашық сынуы, жабық бас сүйек-ми жарақаты, 1996 жылы туған адам ашық бас сүйек-ми жарақаты, қол саусақтарының сынуы, 2-3 дәрежелі дене күйігімен Алматыдағы 4 ҚКБ жансақтау бөлімінде жатыр.

"Жағдайлары өте ауыр. Дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін құтқару үшін бар күшті салып жатыр. Барлық кадр, оның ішінде, қаланың бас реаниматологы жұмылдырылды", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда ұшақ құлағаны хабарланған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaty | KZ | Telegram (@kris_p_almaty)

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұшақ бортында болған төрт адам қаза тапқанын, екеуі зардап шеккенін мәлімдеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети