4 жастағы баланы анасының көзінше көтеріп алып қашты: Оралда есірткіге мас ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

4 жастағы баланы анасының көзінше көтеріп алып қашты: Оралда есірткіге мас ер адам ұсталды © gorodkiev.com

Оралда 25 жастағы ер адам 4 жастағы баланы ұрламақ болды. Түпкі ойы белгісіз ер адамға баланың анасы мен куәгерлер бөгет болып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда 25 жастағы ер адам 4 жастағы баланы ұрламақ болды. Түпкі ойы белгісіз ер адамға баланың анасы мен куәгерлер бөгет болып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жедел іздеу шаралары барысында ер адам ұсталып, оның есірткі мен алкогольге мас екені анықталған. 

"102 пультіне шақырту түсті. Көкшетау көшесіндегі "Кулинария" дүкенінің маңында анасымен серуендеп жүрген баланы ұрламақ болды. Баланы көтеріп алып қашқан. Анасы мен куәгерлер айғай салған. Ол баланы тастай салып, қашып кеткен. Ойын іске асыра алмады. Кейін полицейлер оны ұстады", - дейді Оралдың ІІБ басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Бейсенов. 

Полицейлердің мәліметінше,  ер адам ұрлық пен тонау бойынша бірнеше рет істі болған. Қазір ол уақытша ұстау абақтысында. Оның үстінен "Адам ұрлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Ал әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы осы оқиға туралы хабарлама таралып кетті. Ата-аналар осыған байланысты алаңдап, бір-біріне ескерту айтып жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети