45 қазақстандық отырған автобус Ресейде жол апатына ұшырады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© 54.mchs.gov.ru © 54.mchs.gov.ru

Новосібір облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жолдан шығып кетіп, бір жәніне аударылды. Автобуста кемінде 45 Қазақстан азаматы  отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресей ТЖМ Бас басқармасының сайтына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Новосібір облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жолдан шығып кетіп, бір жәніне аударылды. Автобуста кемінде 45 Қазақстан азаматы  отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресей ТЖМ Бас басқармасының сайтына сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, халықаралық автобус Новосібірден Шымкентке бара жатқан. 

"Жол апаты "Р-254" федералды тас жолының 1368-ші шақырымында болған. Жүк көлігімен соқтығысқан жолаушылар автобусы жолдан шығып кетіп, бір жәніне аударылды. Автобуста 46 адам болған, оның біреуі жүргізуші. Барлығы да Қазақстан азаматы. Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам зардап шекті", - делінген хабарламада. 

Оқиға орнына өрт сөндірушілер, жол сақшылары және аудан әкімшілігінің өкілдері келген. Көмек көрсету шараларына 24 адам мен 9 арнайы техника жұмылдырылған. 

Барлық зардап шеккендер Коченев аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Қалған жолаушылар жергілікті әкімшіліктің ұйымдастыруымен "Актин" кафе қонақ үйіне эвакуацияланды. Содан кейін, барлық жолаушылар резервтегі автобуспен барар жеріне жеткізілді. 

"Омск қаласындағы өкілімізбен хабарластық, оқиғаның мән жайын анықтап жатырмыз", - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің өкілі Айбек Смадияров. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro