26 қыркүйек 2014 | 22:13

5-сынып оқушысы өлімінің жай-жапсары белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Леон Серікбаев. Фотосуреті әлеуметтік желілерден алынды. Леон Серікбаев. Фотосуреті әлеуметтік желілерден алынды.

11 жастағы немере інісін өлтірген 20 жастағы қыз оны шешіндіріп, дәретхананың шұңқырына салып жіберген, баланың мектеп формасын, портфелі мен оқулықтарын отқа жаққан. Tengrinews.kz тілшісіне мектепке бара жатып, жоғалып кеткен 5-сынып оқушысының өліміне қатысты мән-жайлар белгілі болды. 


Иконка комментария блок соц сети

11 жастағы немере інісін өлтірген 20 жастағы қыз оны шешіндіріп, дәретхананың шұңқырына салып жіберген, баланың мектеп формасын, портфелі мен оқулықтарын отқа жаққан. Tengrinews.kz тілшісіне мектепке бара жатып, жоғалып кеткен 5-сынып оқушысының өліміне қатысты мән-жайлар белгілі болды. 

11 жастағы бала немере әпкесінен анасының тонын қайтаруды талап еткені үшін өлтірілген. 20 жастағы күдікті қыз қаракүзен тон киюді армандаған, сөйтіп, ауқатты тұратын тәтесінің пәтерінен оның тонын байқатпай алып кетпек болыпты. Қыз 25 қыркүйек күні тәтесі мен оның күйеуі жоқта олардың үйіне келеді. Пәтерде 11 жастағы Леон Серікбаев болған, ол әпкесін кіргізіп, бөлмесіне барып, киіне бастайды. Бала екінші ауысымда оқыған. Мектеп формасын киген бала бөлмесінен шыққан кезде анасының тонын пакетке салып жатқан әпкесін көреді. Бесінші сынып оқушысы кешкісін бұл жайды анасына жеткізетінін айтып, туысқанынан тонды орнына іліп қоюды талап етеді. Сол кезде қыз баланы сабасына түсіріп, затты орнына қоюға уәде береді.

"Олар пәтерден бірге шыққан кезде қыз баланы Федоровка ауданындағы өз үйіне бірге баруға көндіреді. Бірінші сабаққа кешіктірмей апаруға уәде береді. Ақкөңіл бала әпкесіне сеніп, оның үйіне келеді. Үйге кірген бетте қыз оны тұншықтырып, арқасына пышақ салады", - деп хабарлады прокуратура органы өкілдері. Баланың мектеп формасын шешіп, заттарын, портфелі мен оқулықтарын пешке салып, жағып жібереді. Денені дәретхананың шұңқырына салады. Баланың жоғалып кеткенін ата-анасы бірнеше сағаттан соң, Леонның сабаққа келмегенін айтқан № 63 орта мектептің мұғалімі қоңырау шалған кезде барып біледі. 

Ата-ана полицияға хабарласып, оны өз беттерімен де іздестіре бастайды. Ерлі-зайыпты пәтерден қаракүзен тоны ұрланғанын байқайды. Олар полицияға ұлдарының және тонның жоғалғанын айтып, екі шағым түсіреді. 

Полицейлер тонның жоғалуына күдікті ретінде жоғалып кеткен баланың немере әпкесін қолға түсіреді. Тәртіп сақшылары оның баланың жоғалып кетуіне де қатысы бар екенін топшылайды. Қыз оқушыны өлтіргенін, оның заттарын өртеп жібергенін мойындады. Күдікті изоляторға қамалды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети