52 жолаушы автобус есігін аша алмаған - ІІД

18 Қаңтар 2018, 16:59
0
52 жолаушы автобус есігін аша алмаған - ІІД -

Ақтөбе облысында өртенген автобустың есігі бұғатталып қалған. Сондықтан жолаушылар автобустан шыға алмай қалған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің өкілі  Виталий Синев хабарлады.

Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өртке қысқа тұйықталу себеп болған.

"Бастапқы алдын ала нұсқа - қысқа тұйықталу. Қазір бұл нұсқа да өзгелермен қатар тексеріліп жатыр", - деді Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Еске салайық, осыған дейін Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара - Шымкент тасжолының 1068 шақырымында, Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген. Кейін оқиға орнынан түсірілген видео мен фотосуреттер жарияланды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай