6 адам қаза тапты. Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иллюстрациялық фото: pixabay.com Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғали Екатеринбург - Алматы автожолындағы ірі жол көлік апатынан тірі қалғандардың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғали Екатеринбург - Алматы автожолындағы ірі жол көлік апатынан тірі қалғандардың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Иғали Instagram желісіндегі парақшасында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың тапсырмасымен жол апатынан зардап шеккендерге Астрахан ауданы әкімінің қызметін атқарушы Жанар Шахпутова барып қайтқанын мәлім етті. 

"Қазіргі уақытта зардап шеккендердің бірі Нұр-Сұлтан қалалық ауруханасына жеткізілді. Оның жағдайы тұрақты ауыр. Тағы бір сырқат аудандық ауруханада жатыр, оның да жағдайы тұрақты ауыр, оны тасымалдауға жарамайды. Тағы бір әйелге ота жасалды. Оның екі баласы Нұр-Сұлтандағы туыстарына жіберілді", - деп жазды облыс әкімінің орынбасары. 

Оның сөзінше, апаттан зардап шеккендердің бәріне қажет көмек көрсетіліп жатыр. "Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", - деді Иғали. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Marat IGALI (@marat.igali)

Еске салайық, жол апаты 8 шілдеде Ақмола облысының Астрахан ауданы, Ягодное ауылының маңында Алматы - Екатеринбург тасжолында болған. Үш көліктің соқтығысуы салдарынан алты адам қаза тапқан. Тағы алты адам ауруханаға жеткізілген еді. 

Облыстық ДП баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тексеріс басталған. Сот-медициналық сараптама тағайындалады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro