6 күн бойы ұйықтаған 16 жастағы қыз Көкшетауда оянды

ПОДЕЛИТЬСЯ

6 күн бойы ұйықтаған 16 жастағы қыз Көкшетауда оянды ©timeskz.kz

Полиция бір апта бойы Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында іздеу жарияланған 16 жастағы қыздың жұмбақ күйде жоғалуын тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Times.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция бір апта бойы Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында іздеу жарияланған 16 жастағы қыздың жұмбақ күйде жоғалуын тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Times.kz.

Кәмелетке толмаған қыз 25 қарашада жоғалып кеткен. Ол таңертең сағат 10-да құрбыларымен Тимирязев ауданы Ақжан ауылынан Петропавлға кеткен. Петропавлға жеткен соң, ол құрбыларына СҚО орталығынан 10 шақырым жерде тұратын туыстарының үйіне баратынын айтқан. Қыздың айтуынша, ол таксиге отырып ұйықтап қалыпты, тек 2 желтоқсанда (алты күннен кейін) Көкшетауда оянады.

Қыздың бір апта бойы қайда болғаны белгісіз. Көкшетауға қалай жеткенін білмейді. Вокзал жанынан оны 50 жастағы таксист байқапты. Ер адам қызды үйіне апарып, тамақтандырып, полицияға баруға кеңес беріпті. Қыз осылайша жол полицейлерінің қолына түскен. 

"Қызды тексердік. Зорлау белгілері жоқ. Көкшетауға қалай барғаны есінде жоқ. Біз оның ата-анасы мен ұстаздарымен сөйлестік. Олар қыздың бұған дейін мұндай күйде болмағанын айтады. Дәрігерлер де оның есте сақтау қабілеті жоғалмағанын мәлімдеп отыр. Кәмелетке толмаған қыздан түсінік алған кезде ол біраз сөйлеп, соңынан тұтыға бастайды, сонан кейін ештеңе есінде жоқ екенін айтады", - дейді Көкшетау станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі ювенал полициясы тобының аға инспекторы Виктор Степаненко.

Петропавл ІІБ журналистерге қыздың шындықты жасырып отыруы мүмкін екенін мәлімдеді. Тәртіп сақшыларының сөзіне қарағанда, қыз "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде біреумен сөйлескен. Полицейлер қыз өзіне каникул жариялап алуы мүмкін деп отыр.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети