Алматыдағы метро вагондарының бірінде болған оқиғаның мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыдағы метро вагондарының бірінде болған оқиғаның мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Таяуда Instagram желісінде әйел адамның метро вагонында плакаттарды жыртып, метродағы мониторды қиратып жатқан сәті түсірілген видео пайда болған еді. Әйел оны тыныштандырмақ болғандарға "8 наурыз - не істегім келеді, соны істеймін" деп жауап берген.
"Бұл жағдай 6 наурызда болған. Ол сағат 23.27-де "Алмалы" стансасынан мініп, ерсі қылықтар көрсете бастаған. Шамамен сағат 23.45-те оны "Алатау" стансасынан түсіріп жіберіп, "Боран" экипажына жіберген. Олар әйелді Бостандық аудандық Ішкі істер бөліміне жеткізген", - деп хабарлады Алматы Метрополитенінің баспасөз хатшысы Анна Мерзлякова.
Қызметкерлердің айтуынша, әйел мас болмаған.