9 мың алматылық қарызы үшін шетелге шыға алмай отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

9 мың алматылық қарызы үшін шетелге шыға алмай отыр © Tengrinews.kz

Соттың шешімімен Алматының 9 067 тұрғынына қарызының болуына байланысты Қазақстаннан шығуға шектеу қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жергілікті салық органдарына сілтеме жасап. 2017 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша, шамамен 120 мың алматылықтың жалпы сомасы 5,2 миллиард теңге болатын салық қарызы бар.

Салық төлемеушілердің қарыздарын өндіріп алу үшін және оны төлемеген жағдайда қажетті шараларды қолдану үшін материалдардың сот органдарына жіберіліп жатқаны айтылады.

"Қазіргі уақытта Алматы қаласының соттарына 21 автокөлік құралына салық төлемей жүрген жүргізушілерге қатысты 21 мың материал жолданды. Олар 2,6 миллиард теңге көлемінде салық төлемеген. Соттың шешімімен 9 067 адамға Қазақстаннан шығуға шектеу қойылып, 4 067 жеке тұлғаның мүліктеріне тыйым салынды", - деді Мемлекеттік кірістер департаментіндегілер.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері еңбек демалыстарының жақындауына байланысты және жағымсыз жағдайлардан аулақ болу үшін көлік құралдарының салығын дер кезінде төлеп, қарыздары бар адамдар5а қарыздарын өтеу керектігін еске салды. Салық қарызы бар-жоғын мына электрондық қызмет көрсету жүйесі арқылы тексеруге болады: kgd.gov.kz.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети