09 ақпан 2016 17:05

BMW мінгендер Алматыдағы зираттан ескерткіш ұрлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі © Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

BMW мінгендер Алматыдағы моладан ескерткіш ұрламақшы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.


BMW мінгендер Алматыдағы моладан ескерткіш ұрламақшы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, белгісіздер "Кеңсай" зиратындағы шойын қоршау мен ескерткішті ұрлап кеткісі келген. "Медеу аудандық ІІБ полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы күдіктілердің зират территориясына BMW маркалы автомобильмен кіргенін анықтады. Кейін олар темір арқанмен мыстан құйылған бюст пен шойын қоршауды жұлып алған. Күдіктілердің бірін полиция бөлімінің аудандық қызметкерлері ізін суытпай ұстады", - делінген таралған хабарламада.

Ұсталған азаматтың Алматының 27 жастағы тұрғыны екендігі, оның ескерткіш жасаумен айналысатындығы анықталды. Алайда, бұл жұмыс ер адамға маусым сайын ғана табыс әкеледі екен - қазіргі таңда ол жұмыссыз. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Тонау" бабында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

"Тағы екі күдіктінің аты-жөндері анықталды және қазіргі уақытта оларды ұстау бойынша шаралар жүріп жатыр. Тергеу мәліметінше, бұл қылмыстық топтың осыған ұқсас төрт қылмысқа қатысының бар екендігін анықтады. Жедел уәкілдер соңғы екі апта жүзінді осыған ұқсас қылмыстарды байқап келген. Арнайы сараптама мен жедел шаралардың арқасында тәртіп сақшылары олардың ізіне түсті. (...) Өндіріс аясында жедел уәкілдер күдіктілердің істерін рет-ретімен анықтап, ұрланған металлдың қайда сатылып жатқанын анықтайды", - деп мәлімдеді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Сонымен қатар, ІІД өкілдері қазіргі таңда молаларда вандализм деректерінің көбейіп кеткенін хабарлап отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети