Алматы полициясы Esentai Mall сауда орталығының маңында арнайы көліктердің не мақсатпен тұрғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алматы полициясы Esentai Mall сауда орталығының маңында арнайы көліктердің не мақсатпен тұрғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қаланың шұғыл және жедел әрекет ету қызметтері әл-Фараби даңғылында орналасқан банктердің бірінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламаны тексеріп жатқаны айтылады.
"Іс-қимыл алгоритміне сәйкес осындай хабарлама бойынша бастапқы шаралар шеңберінде банк қызметкерлері мен келушілерін эвакуацияланып жатыр. Жол-патрульдік полициясының экипаждары көліктерді жан-жаққа таратып жатыр. Мамандар ғимаратқа комиссиялық тексеру жүргізеді", - делінген полиция хабарламасында.
Алматы полициясының өкілдері азаматтарды өткізілетін шараларға түсіністікпен қарауға, өзінің қозғалыс бағытын түзетуге, тыныштықты сақтауға және ресми көздерден алынған ақпаратты басшылыққа алуға шақырады.
Осыған дейін, әлеуметтік желілерде Алматыдағы Esentai Mall сауда орталығының жанында полиция автокөліктерінің жиналып жатқаны жайлы видео пайда болды.