Алматының Түрксіб ауданындағы "MART" сауда орталығында төтенше жағдай болды - бала үшінші қабаттан құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматының Түрксіб ауданындағы "MART" сауда орталығында төтенше жағдай болды - бала үшінші қабаттан құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Куәгердің айтуынша, бала шамамен 17:30-да төртінші қабаттағы фудкортта отырған. Осы уақытта айғайлаған дауыстар естілген. Барлығы сауда орталығының төмен жағына қарай барған.
"Әйел адам айғайлады. Барлығы сонда жүгірді. Бір бала бесік арбада болған, ал екіншісін көтеріп келе жатқан. Ол төртінші қабатқа эскалатормен көтеріліп келе жатқанда қолындағы баласы құлап кеткен. Жерге басымен түскен. Жедел жәрдем келгенше, ол 20 минуттай қансырап жатты. Оны дереу алып кетті", - дейді оқиғаның куәгері.
Куәгердің айтуынша, баланың жас шамасы 2-3-те. Жедел жәрдем алып кеткенде ол тірі болған.
Ол басында есінен айырылып қалды. Анасы қасында жылап тұрды. 20 минуттан соң ол есін жиып, жылай бастады. Бірақ қансырап жатты. Ең бастысы ол оянды", - деді куәгер.
"Бала бірінші балалар ауруханасына миы зақымдалды деген диагнозбен түсті, оның аяғы сынған болуы мүмкін. Қазіргі уақытта оған қажетті тексерулер мен барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді дәрігерлер.