Абай облысында бір күнде төрт көлік өртеніп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысында бір күнде төрт көлік өртеніп кетті Фото: depositphotos.com

11 желтоқсанда Абай облысында төрт көлік өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі abainewskz telegram арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

11 желтоқсанда Абай облысында төрт көлік өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі abainewskz telegram арнасына сілтеме жасап.

11 желтоқсанда сағат 11:00 шамасында "101" пультіне Докучаев көшесінде Gazelle автокөлігі өртеніп жатқаны туралы сигнал түсті. Төтенше оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер қозғалтқыш, аспаптар панелі және автокөлік салонында өрт шыққанын анықтады.

Сағат 13:00-ге таман Мұхтар Әуезов даңғылында Audi-100 көлігінің өртенгені туралы жаңа сигнал түсті. Жалпы алаңы 2 шаршы метрде, қозғалтқыш бөлшектері, алдыңғы дөңгелектері мен аспаптар панелі жанып кеткен.

Жарты сағаттан кейін өртсөндірушілер жаңа қоңырауға шықты. Сағат 13:18-де Центральная көшесінде ВАЗ-2114 көлігі өртенген. Ал бұл жағдайда қозғалтқыш бөлшектері 1 шаршы метр аумақты шарпыған.

Аягөзде Абай көшесінде ВАЗ-2114 көлігінің қозғалтқышы өртенді.

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, барлық жағдайда зардап шеккендер жоқ. Барлық өрттің себебі бір – ерекше қауіпті қондырғыны абайсыз пайдалану.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети