Абай облысында қайғылы оқиға: екі адам қаза тауып, біреуі жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Абай облысында үш адам өзенге құлап кеткен. Құтқарушылар екі адамның денесін тапты, үшіншісін іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысында үш адам өзенге құлап кеткен. Құтқарушылар екі адамның денесін тапты, үшіншісін іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аягөз ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аспалы көпір арқылы өзеннен өтпек болған кезде шаруа қожалығының үш жұмысшысы суға құлап кеткен.

Қайғылы жайт 15 сәуірде болған, бірақ оқиғаның егжей-тегжейі бүгін ғана белгілі болды. Облыстың ТЖ басқармасы мәліметінше, Аягөз қаласының 101 пультіне Ақшәули ауылындағы оқиға туралы хабарлама келіп түскен.

"Куәгерлердің айтуынша, шаруа қожалығының үш жұмысшысы мотоциклді Көкқамыр учаскесіндегі ағаш аспалы көпір арқылы өткізбек болып, Қаракөл өзеніне құлаған. Жағадан ұялы телефондар мен сырт киімдер табылды", - деді Абай облыстық ТЖД өкілі.

Әлеуметтік желілерде өткелдің видеосы пайда болды, ағаш көпір апат жағдайында тұр.

16 сәуірде құтқарушылар жергілікті билік өкілдерімен бірге екі адамның денесін тапты. Үшінші адам іздестіріліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети