12 маусым 2023 | 12:07

Абай облысындағы Талица ауылы маңындағы өрт сөндірілді - ТЖМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысындағы өртті сөндіруге қатысты өзекті ақпаратты жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысындағы өртті сөндіруге қатысты өзекті ақпаратты жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта Абай облысында үш бағытта (оңтүстік, батыс және шығыс жиекте) өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Минералдандырылған жолақтар жасау жұмыстары қолжетімділігі қиын болуына байланысты тоқтатылды. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 500-ге жуық адам, 300-ден астам техника жұмылдырылды", - деді Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов.

Министрдің мәлімдеуінше, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына әуеден су төгуді жүзеге асыру үшін 14 тікұшақ тартылған. Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 777 рет су төгілді, жалпы көлемі 2000-нан астам тонна болған.

Кеше ауа райының өзгеруіне байланысты (желдің екпіні секундына 18 метрге дейін) өрт төменгі бөлікте өрбіп өрт ошағынан Талица ауылына (тұрғындар алдын ала эвакуацияланды) қарай бағыт алып, ауылды қорғауға өрт техникалары жұмылдырылған. Өрт Талица ауылының шығыс жағынан далаға қарай өрбіп, өрт сөндірілген.

12 маусым - Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні. Аза тұту белгісі ретінде ел аумағында тулар төмен түсіріліп, ойын-сауық шаралары тоқтатылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети