08 қараша 2021 | 13:45

"Абай" шахтасындағы жарылыс: зардап шеккендер есін жиды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Метан газының жарылуынан зардап шеккен шахтерлер реанимациядан Қарағанды облыстық Мақажанов атындағы медициналық орталығының токсикология бөлімшесіне ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Метан газының жарылуынан зардап шеккен шахтерлер реанимациядан Қарағанды облыстық Мақажанов атындағы медициналық орталығының токсикология бөлімшесіне ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"7 қарашада Мақажанов атындағы емханаға метан және көмірқышқыл газынан уланған 1960 және 1963 жылы туылған екі науқас жеткізілді. Олар алғашқы көмек алу үшін жансақтау бөліміне түсті. Науқастар бүгін өздерін жақсы сезінгендіктен, палатаға ауысты", - деді Мақажанов атындағы ОМС жағдай орталығының басшысы Ерік Шонбаев.

Осы орайда, бүгін Қарағанды ​​облысының әкімі кеңес өткізіп, барлық шахталардағы газдың ластану деңгейін және өңірдегі барлық өндірістік нысандардағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырды. Төтенше жағдайдың себептері мен жағдайларын тергеу барысында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның барлық шахталарының қызметі тоқтатылды.

Еске салайық, 7 қараша сағат 08.30-да Абай шахтасында жарылыс болды. Бұл кезде жер астында 64 адам болған. 6 адам қаза тапты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети