Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Семейде іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Семейде іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін сағат 06:00-де Семейде Ертіс өзенінің жанындағы Бейбітшілік аралында жеңіл автокөлікпен жүргізуші бетон қоршаумен соқтығысып, өзенге құлап кетті. Апат кезінде салонда 4 адам болған. Жолаушылардың бірі көліктен өздігінен шығып, жағаға жүзіп шыққан. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.
"Оқиға туралы хабарлама келіп түскеннен кейін бірден оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері барып, іздестіру-құтқару жұмыстарын бастап кетті. Сағат 09:00-де іздеу тобы бір қайтыс болған адамның денесін тауып, судан алып шықты. Ол одан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция органдарына берілді.
Қазіргі уақытта құтқару операциясына: 55 құтқарушы, 5 жүзу құралы, 2 ұшқышсыз ұшу аппараты, су асты іздеуге арналған эхолот, 10 техника жұмылдырылған", - делінген хабарламада.
Операцияны күшейту үшін қосымша Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімнен ҚР ТЖМ әскери қызметшілері тартылған. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысынан құтқару бөлімшелері келуі керек екені айтылды.
"ТЖМ қызметтері іздестіру-құтқару жұмыстарын тиімді аяқтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдай отырып, оқиға орнында жұмысын жалғастырып жатыр".
Алдағы оқиғалар туралы ақпарат қосымша хабарланатыны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!