"Адем" басшылығы өртке қатысты қылмыстық істе зардап шегуші тарап деп танылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Адем" басшылығы өртке қатысты қылмыстық істе зардап шегуші тарап деп танылды Коллаж © Tengrinews.kz

Алматыдағы "Адем" СО басшылығы өртке қатысты жүргізілген қылмыстық іс шеңберінде зардап шегуші тарап деп танылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне сауда орталығының әкімшілігі хабарлады. Еске сала кетейік, өрт 2015 жылы 27 сәуірде болды. Полиция қылмыстық істі екі бап бойынша жүргізіп жатыр: ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 2-бөлігі - Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу және 204-бап - Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы "Адем" СО басшылығы өртке қатысты жүргізілген қылмыстық іс шеңберінде зардап шегуші тарап деп танылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне сауда орталығының әкімшілігі хабарлады. Еске сала кетейік, өрт 2015 жылы 27 сәуірде болды. Полиция қылмыстық істі екі бап бойынша жүргізіп жатыр: ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 2-бөлігі - Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу және 204-бап - Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру.

Сауда орталығы өкілдерінің айтуынша, тергеу екі ай бойы жүргізіледі. "Қылмыстық іс шеңберінде "Алматы ХХI ғасыр" ЖШС сатушылармен бірге зардап шегуші деп танылды, себебі "Алматы ХХI ғасыр" ЖШС өрттің салдарынан материалдық шығынға ұшырады, ал оның кінәлі немесе кінәсіз екенін анықтау - соттың құзыретінде", - деп мәлімдеді сауда орталығының әкімшілігіндегілер. Сонымен қатар, ЖШС өкілдері жаңа сауда орындарына барлығы мыңға жуық өтініштің келіп түскенін хабарлады. Ал қалған 125 бутиктің иелері уақытша сауда алаңдарынан бас тартты. Қазіргі таңда 342 өтінім қанағаттандырылды. Ол орындар адамдарға 2 және 3 павильоннан берілді. Еске сала кетейік, барлығы 1685 бутик жанып кетті, олардың иелері  - 1125 адам (кейбірінің 2-3 сауда нүктесі болған).

"Адем" СО өкілдерінің хабарлауынша, тергеу шаралары аяқталып, рұқсат беру жүйесіне байланысты сарапшы комиссия мен өзге процедуралардың қорытындысы шыққаннан кейін өртеніп кеткен ғимарат бұзылады. "Бүгін (11 маусым 2015 жыл - Авт.) уақытша сауда павильонының құрылысы туралы келісімшартқа қол қойылды. Бұл шын мәнінде маңызды жайт, себебі көпшілік сенімін жоғалта бастады. Келісімшартта құрылыс монтажы мен тапсыру мерзімі көрсетілген. Келесі аптада сол мәліметтерді жариялаймыз", - деп хабарлады "Адем" СО өкілдері.

Еске сала кетейік, Алматы қаласындағы "Адем" сауда орталығының 25 мың шаршы метрін өрт шалған болатын. Оқиға салдарынан жалға алушылардың көпшілігі қажетті құжаттарынан айырылды, олардың ішінде жалға алу туралы келісімшарттар да бар. Құжаттар сауда орталығының ғимаратында қалды. ТЖД мәліметінше, өрт кезінде автоматты түрде дабыл қағатын жүйе ме өртсөндіру құрылғылары істен шыққан және сырттағы өртке қарсы сумен жабдықтау желісінде су болмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, "Адем" СО-да болған өрттен келген шығынның көлемі - 5,3 миллиард теңге.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети