19 мамыр 2015 | 10:38

"Адем" сауда орталығындағы өрт: Өртсөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өрттен кейінгі "Адем" СО. © Дмитрий Хегай Өрттен кейінгі "Адем" СО. © Дмитрий Хегай

Мамандар Алматыдағы "Адем" сауда орталығындағы өрт туралы хабар түскеннен кейін оқиға орнына 6 минутта жеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Мамандар Алматыдағы "Адем" сауда орталығындағы өрт туралы хабар түскеннен кейін оқиға орнына 6 минутта жеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 минуттан соң жеткендер - жақын жердегі өрт бөлімінің автоцистерналары. Мамандардың айтуынша, барлаудың алғашқы минутынан бастап жоғары температураға байланысты ғимаратқа кіру мүмкін емесі түсінікті болған.

"Жылу визорлары әр түрлі кіреберістерде 270-тен 300 градусқа дейінгі температураны тіркеді. Ыстық соншалықты жоғары болғандықтан, өртсөндірушілердің каскаларының түсі өзгеріп, газтұтқыш маскалары беттеріне жабысып қалған", - делінген министрліктің хабарламасында.

Айта кетейік, өртті сөндіруге барлығы 40 бірлік техника мен өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 233 адамы, полиция қызметінің 44 бірлік техникасы мен 580 қызметкері жұмылдырылды. Өрт 27 сәуірде сағат 06.35-те оқшауланды және толығымен 11.50-де жойылды.

Еске сала кетейік, Алматы қаласындағы "Адем" сауда орталығының 25 мың шаршы метрін өрт шалған болатын. Тілсіз жау 26 сәуірде кешкі уақытта басталды. Оқиға салдарынан жалға алушылардың көпшілігі қажетті құжаттарынан айырылды, олардың ішінде жалға алу туралы келісімшарттар да бар. Құжаттар сауда орталығының ғимаратында қалды. ТЖД мәліметінше, өрт кезінде автоматты түрде дабыл қағатын жүйе ме өртсөндіру құрылғылары істен шыққан және сырттағы өртке қарсы сумен жабдықтау желісінде су болмаған.

Таяуда "Адем" сауда орталығын жалға алушылар өрттің басталуы жазылған видео жасырылды деп мәлімдеді. Олардың айтуынша, сол видео арқылы кінәлі тұлғаларды анықтауға болады. Өрттен зардап шеккендердің қорғаушысы, заңгер Сергей Уткиннің сөзіне қарағанда, егер тергеу өрттің басталған шағы түсірілген видеоны жасырмағанда, бірінші өртсөндіруші көліктің қай кезде келгенін және сол кезде күзеттің нендей әрекет жасағанын білуге болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети