Астанада екі жасөспірім әдемі суретке түсу үшін бастарын қатерге тіккен. Бұл туралы Tengrinews.kz Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Астанада екі жасөспірім әдемі суретке түсу үшін бастарын қатерге тіккен. Бұл туралы Tengrinews.kz Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кеше сағат 19.00 шамасында Есіл аудандық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне Қабанбай батыр даңғылында, "Рамстор" сауда үйі ауданындағы көпір аркасының ең биік тұсында қыз бен жігіттің отырғаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына келген полицейлер қыз бен жігітті жерге түсіріп алды. Олар Астана қаласының 17 жастағы тұрғындары болып шықты. Бозбала мен бойжеткен ең биік нүктеден Астананың әсем келбеті фонында суретке түспек болыпты. Полицейлердің айтуынша, мұндай еркеліктің арты қайғылы жағдайға ұласуы әбден мүмкін еді. Бұл дерек бойынша "Ұсақ бұзақылық" бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, Астана қаласы әкімшілік сотына жолданды.