26 тамыз 2017 | 09:33

Адвокаттың өліміне байланысты шымкенттік Тоқтар Төлешовтің ісі тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облысында адвокаттар алқасының мүшесінің қайтыс болуына байланысты Шымкенттегі "сыра королі" Тоқтар Төлешовтің ісі тоқтатылды. Бұл туралы Timeskz тілшісіне осы істегі заңгерлердің бірі хабарлаған.


Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Қазақстан облысында адвокаттар алқасының мүшесінің қайтыс болуына байланысты Шымкенттегі "сыра королі" Тоқтар Төлешовтің ісі тоқтатылды. Бұл туралы Timeskz тілшісіне осы істегі заңгерлердің бірі хабарлаған.

Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта жаңа адвокат келді. Ол осы іспен танысу үшін судьядан қылмыстық іс материалдарын сұрады. Айта кетейік, қылмыстық іс 200 томнан тұрады. Сот жаңа адвокаттың өтінішін қанағаттандырды. Келесі сот отырысы 4 қыркүйекке белгіленді.

Еске сала кетейік, бұл шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешовке қатысты өтіп жатқан екінші сот отырысы.

Ол осыған дейін Астанада мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғаны үшін 21 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сондай-ақ, оның мүлкі тәркіленген еді.

Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Тінту кезінде үйінен және жұмыс орнынан қару-жарақ, есірткі заты және оқу құралдары анықталып, тәркіленген еді. Кәсіпкермен бірге үш адам ұсталды. Төлешовке трансұлттық қылмыстық қоғамдастықты қаржыландырған, сонымен қатар тұрақты қарулы топты құрып, басқарған деген күдік келіп отыр. Тергеу Төлешовтің бірқатар ауыр қылмыс және аса ауыр қылмыс жасағанын анықтаған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети