Әйелімен ажырасқан ер адам екі баласы мен өзін өртеп жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әйелімен ажырасқан ер адам екі баласы мен өзін өртеп жіберді

Алматы маңында ер адам екі баласы мен өзін өртеп жіберген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңында ер адам екі баласы мен өзін өртеп жіберген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Бұл мәліметті облыстық ІІД өкілдері растады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, оқиға Өтеген батыр ауылында болған (бұрынғы ГРЭС). 

"Өрт 20 желтоқсанға қараған түні Титов көшесіндегі жатақханада болды. Алдын ала мәлімет бойынша ер адам мен әйелі ажырасқан. Олардың 2005 жылғы ұлы мен 1999 жылғы қызы болған. Ер адамның өзі Байсеркеде тұрған. Ер адам әйелі мен балаларына келіп, белгісіз себептермен өзіне бензин құйып, өрт қойған. Бөлме шағын болғандықтан, іші тез өртене бастаған. Көршілері дереу өрт сөндіру қызметі мен жедел жәрдем шақырған", - дейді баспасөз қызметіндегілер. 

Оқиға орнына келген өртсөндірушілер зардап шеккендерді пәтерден алып шықты. Оқиға салдарынан 1973 жылғы ер адам мен оның баласы өлі табылған. 

ІІД мәліметінше, әйел өрт кезінде қашып шыққан. Ал қызы қатты күйіп, ауруханаға түскен. Алайда 20 желтоқсанда ол ауруханада қайтыс болған. 

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети