Әжетханада өз құрдастарын ұрып-соққан жасөспірімдердің видеосы: Оқиғаның мән-жайы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видеодан үзінді видеодан үзінді

Сотқа дейінгі тергеу шаралары барысында әжетханада өз құрдастарын ұрып-соғып, осыны видеоға түсірген жасөспірімдердің кім екені белгілі болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаевқа сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сотқа дейінгі тергеу шаралары барысында әжетханада өз құрдастарын ұрып-соғып, осыны видеоға түсірген жасөспірімдердің кім екені белгілі болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаевқа сілтеме жасап. 

"Оқиға бір жыл бұрын, 2018 жылдың 10 қаңтарында түсірілгені анықталды. Ол кезде оқушылардың ата-анасы полицияға арыз бермеген", - делінген хабарламада. 

Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі ("бұзақылық") бойынша жүріп жатыр. Бұл бап бойынша айыпталушы 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Таяуда әлеуметтік желілерде дәретханада түсірілген видео таралды. Онда жасөспірімді бірнеше адам соққыға жығып жатады.

Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Түркістанда мектеп оқушыларының соққыға жығылғаны түсірілген тағы бір видео таралған еді. Кейінірек полицейлер мектеп оқушыларын ұрып-соққандарды анықтаған болатын. Түркістанда жедел баспасөз мәслихаты өткізіліп, Түркістан облыстық білім басқармасындағылар осы видеоға қатысты пікір білдірген еді. Олардың сөзіне қарағанда, Түркістандағы үш мектептің - № 31, № 18, № 11 тоғызыншы сынып оқушылары анықталған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro