Қазавиақұтқару тікұшағы "Ақ Жайық" резерватында шыққан өртті сөндіруге тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің өкіліне сілтеме жасап.
Қазавиақұтқару тікұшағы "Ақ Жайық" резерватында шыққан өртті сөндіруге тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің өкіліне сілтеме жасап.
16 шілдеде сағат 16.10-да "Ақ Жайық" резерватының 15-18 гектар аумағындағы қамысты алқапта өрт шыққаны хабарланған. Тілсіз жаумен күреске "Ақ Жайықтың" жеке құрамы (30 адам мен 6 техника құрылғысы) және Атырау облысы ТЖД өрт сөндіру бөлімінің 20 қызметкері атсалысты.
"Әуеден сөндірудің тиімділігін ескере отырып, өртті Төтенше жағдайлар Комитетінің МИ-8 Қазавиақұтқару тікұшағы көмегімен сөндірді. Ұшу кезінде тікұшақ қамысты өсімдігінің ошағын су құбыры арқылы сөндірді", - делінген хабарламада.
Су 23 рет түсірілді, олардың әрқайсысы 3 тонна болып есептеледі. Бұл өртті локализациялауға мүмкіндік берді. Жалпы өрт сөндіру аумағы 17 гектар. Қазір оқиға орнында "Ақ Жайық" жеке құрамының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.