Әкесі таспен ұрған бала өз бетінше отыра алатын болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматыда Шығыс айналма автожолында ессіз күйде табылған Мұхаммед Асқароғлының жағдайы жақсарды. Бала өз бетінше отырып, аяқтарымен қозғалта алатын болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне дәрігерлер хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Шығыс айналма автожолында ессіз күйде табылған Мұхаммед Асқароғлының жағдайы жақсарды. Бала өз бетінше отырып, аяқтарымен қозғалта алатын болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне дәрігерлер хабарлады.

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Мұхаммед Асқароғлы басқа ауруханаға жатқызылды.

"Бүгінде баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. 2018 жылдың 9 тамызында ол әрі қарай ем алу үшін № 2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылды", -  деп хабарлады қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Мұхаммед Асқароғлы 16 шілдеде ауыр жағдайда балалар шұғыл медициналық көмек орталығына жеткізілген болатын.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыдағы Шығыс айналма автожолында ессіз күйде табылған 4 жасар Мұхамад Асқароғлыны өз әкесі таспен ұрғаны анықталған еді. Баланың әкесі Мұрат Асқароғлы бұл қылмысты өзі жасағанын мойындап, мас күйде болғанын айтқан болатын. Кейінірек ол сотта санкция жайлы айтылып жатқанда жылап жіберген еді. 1985 жылғы ер адамның бетон зауытында жұмыс істейтіні белгілі болды. Үйленген, екі ұлы бар. Осыған дейін сотты болмаған. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") қылмыс жасады деген күдікке ілінген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro