Әкесінің өз қыздарына "арақ ішуді" үйретуі жайлы видеоны министрлік зерттеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әкесінің өз қыздарына "арақ ішуді" үйретуі жайлы видеоны министрлік зерттеп жатыр Видео кадры

Желіде ер адамның өз қыздарына арақ ішуді үйретіп жатқаны бейнеленген видео жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде ер адамның өз қыздарына арақ ішуді үйретіп жатқаны бейнеленген видео жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлардан ер адамның дастархан басында екі қызымен отырып, оларға болжам бойынша арақ құйып бергендей болады. Бастапқыда ол ересектеу қызына құяды, кейін соғыстырады. Кейін кіші қызы да әкесінен құйып беруді сұрайды. Қыздар келесі рөмкені ішкеннен кейін тыжырынады. Бұл көрініс әкесіне ұнаған болуы керек, өз қыздарын "алқаш" дейді. Видеоны әйел түсіріп тұр. Оған да бұл көрініс ұнаған сыңайлы.

Видео Желіде наразылық туғызды. Пікір айтушылардың басым бөлігі ата-ананың бұл қылығын сөгеді. Алайда олардың бір бөлігі бөтелкеде арақ емес, дәрінің бар екенін айтады. Ал ҚР ІІМ баспасөз қызметіндегілер роликті мамандардың зерттеп жатқанын хабарлады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети