Әкесін сыйламаған қызылордалық 10 тәулікке қамалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©takefon.com ©takefon.com

Қызылорда облысының тұрғыны әкесіне тіл тигізгені үшін 10 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысының тұрғыны әкесіне тіл тигізгені үшін 10 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс тұрғыны өз үйінде әкесіне былапыт сөз айтып, тіл тигізген. Сөйтіп, отбасылық-тұрмыстық қатынастағы адамдарды сыйламайтынын білдіріп, олардың тыныштығын бұзған. "Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен құқықбұзушы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 79-5 бабының 2-бөлігінде қарастырылған әрекетті жасауға айыпты деп танылып, оған 10 тәулікке әкімшілік тұтқындау түріндегі жаза тағайындалды", - делінген облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Қызылорда тұрғыны тұрмыстық жағдайда заңға қайшы әрекеттер жасағаны үшін бұрын да әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен. Бір жыл өтпей жатып, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте қарастырылған заңбұзушылыққа тағы да жол беріп отыр. 

Сот процесінде ол өз кінәсін мойындап, өкініш білдірді, кешірім сұрады. Әкесі болса, соттан ұлына заң талабына сай жаза белгілеуді өтінді.

Айта кетейік, облыстың Қармақшы ауданының сотында тағы бір азамат осындай заңбұзушылығы үшін сотталды. Мас ер адам "Бибінұр" базарының алдындағы қоғамдық орында айналадағыларды сыйламай тұрғанын түсіне отырып, бір әйелді боқтаған. Сөйтіп, ол ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 330-бабының 1-бөлігінде қарастырылған ұсақ бұзақылықты жасады, сол үшін оның үстінен әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот отырысында ер адам кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді. Сот оны айыпты деп танып, 9260 теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасын белгіледі. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro